Сарыағаш ауданының Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Төңкеріс елді мекенінде медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы ретте, аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Жұмыс сапары барысында әкім мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар берді.
Бүгінде мердігер «БибиМанапҚұрылыс» ЖСШ тарапынан медициналық нысанның ғимаратына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба жеке инвестордың қаржысы есебінен іске асырылуда.
Comments