Аймақ

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ САЛМАҚТЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Сайрам ауданы әкімдігінің заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және зерделеу мақсатында құрылған жұмысшы топ Түркістан облысының полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, жоспарлы рейдтік іс-шара өткізді.
Аталған рейд Түркістан облысы әкімдігі бекіткен «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2025 жылдың 13 маусым күні Манкент, Ақбұлақ, Қарамұрт ауылдық округтерінің аумағында облыстық маңызы бар автожолда ауыр жүк көліктерінде (8 Howo және 1 КамАЗ) белгіленген рұқсат мөлшерінен артық жүк тиеу деректері анықталды.
Құқық бұзған жүк көліктері заңды шешім қабылданғанға дейін ақылы айып тұрағына қойылып, жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі таңда бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

САЙРАМДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ТӨЛЕБИДЕ БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ БЕС АЙЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 53,1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *