Аймақ

САЙРАМДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛМЕК

Сайрам ауданы, Қарасу ауылында бой көтеріп жатқан жаңа спорт кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 600 шаршы метрден асады. Қазіргі таңда іргетасы, қабырғалары мен шатыры толықтай аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Және де алдағы уақытта мұнда жаттығатын жастар үшін арналған спорттық құрал-жабдықтар орнатылуда.
Аталған нысанға аудан әкімі Арман Сабитов арнайы барып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысымен танысты. Ондағы орын алып жатқан кемшіліктерге тоқталып, мердігер мекемеге оларды уақтылы түзету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ең бастысы құрылыстың сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуына баса назар аударылды.
Жаңа спорт кешені – тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуына және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасайтын заманауи әлеуметтік нысан болмақ.

ЖАЛДАМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Алдыңғы

ІРІ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУҒА ЖАҚЫН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *