Аймақ

БӘЙДІБЕКТЕ 700 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде орналасқан “Шаян” мектеп-лицейінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектеп ғимараты 1976 салынған, 3 қабатты, 2 корпустан тұрады. Оқу орнында 700-ден астам оқушы білім алады. Қазіргі таңда мердігер мекеме — «КазСтройЭверест» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған мектептегі жөндеу жұмыстарының барысын аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев және аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев арнайы аралап, мердігер мекемелер мен жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жаңа оқу жылының басталуына дейін жөндеу жұмыстарының аяқталуын және жұмысшылар санын арттырып, сапаға мән беру керектігін тапсырды.
Айта кетейік, реновация жұмыстары – ескірген білім нысандарын ыңғайлы әрі заманауи ғимаратқа айналдыруға бағытталған.

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 18 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Алдыңғы

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ ҰЛҒАЙЫП, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУЫ ҚАЖЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *