Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан көлеміндегі жалпы білім беретін мектептер және музыка мектебі құрылыстарының барысына арналған жұмыс кеңесі өтті.Жиынға аудан әкімінің орынбасары, құрылыс, білім, экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ сумен, газбен және электрмен қамтамасыз ету мекемелерінің өкілдері, мердігер ұйымдар, авторлық және техникалық қадағалаушылар қатысты.Кеңесте аудандағы білім беру нысандары құрылыстарының қарқыны мен сапасы, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жобалық-сметалық құжаттамалардағы сәйкессіздіктер мен оларды шешу жолдары кеңінен талқыланды.Аудан әкімінің орынбасары мердігерлер мен жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, белгіленген мерзімдерде аяқтауды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылау жүргізілетіні айтылды.Қазіргі таңда ауданда жалпы саны 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:• Ақбұлақ ауылында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы бой көтеруде;• Елшібек батыр, Ынтымақ және Шұбарсу ауылдарында 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр.Одан бөлек, Темірлан ауылында аудандық музыка мектебінің жаңа ғимараты салынуда. Аталған барлық нысандардың құрылысын 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.Бұл жобалар іске асқанда, аудандағы оқушылардың білім алу жағдайы жақсарып, үш ауысымда оқу мәселесі шешіледі. Сонымен қатар, шығармашылық бағыттағы балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру мүмкіндіктері кеңеймек.
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Оқи отырыңыз
-
-
САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
242 рет оқылды
-
В Шымкенте 23 призывника отправились на военную службу
220 рет оқылды -
ЖАСТАР ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
235 рет оқылды












Comments