Аймақ

ORDABASY: КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

Мемлекет басшысы 2024 жылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Сонымен қатар маусым айының екінші жексенбісі «Малшылар күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді.
Осы орайда бүгін Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде аталған кәсіби мерекеге арналған іс – шара өтіп, оған Сауран, Арыс аудандары мен Кентау қалаларынан арнайы қонақтар қатысты.
Шара «Шопандар өмірінен бір сыр…» атты көрініспен басталып, сахна төріне ыстық ықыласын білдіру үшін аудан әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы Мейрамбек Ақмұратов шақырылды. Аудан әкімінің орынбасары жиналған жұртты кәсіби мерекемен құттықтап, «Малшылар күні» мерекесінің басты мақсаты – мал шаруашылығы саласындағы азаматтардың мәртебесін көтеру, оларды еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу, ұлтымыздың алтын тамыры саналатын ауыл шаруашылығын дамыту, атамекен – дарқан даланы түлету екенін жеткізді. Сондай-ақ бірқатар ауылшаруашылық кәсібі иелерін ерен еңбектері үшін марапаттады.
Келесі құттықтау сөз бен марапаттау кезегі Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібековке берілді. Басқарма басшысы «Адал, қажырлы еңбек арқылы жетістікке жеткен азаматтар қашанда құрмет пен ықыласқа бөленеді. Өз саласының мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Сондықтан да мемлекет еңбек адамдарының жағдайын, түрлі саладағы жұмысшы мамандықтары мен мамандардың беделін көтеру үшін дәйекті шараларды қолға алуда» дей отырып, көрермендерге ізгі ниет білдіріп сөзін түйіндеді.
«Біздің дала», «Қазағым», «Бір бала», «Қазақстан» сынды халық әндері және патриоттық әндермен жалғасқан мерекелік жиын, ауыл еңбеккерлері мен жұмысшыларын құрметтеудің жарқын көрінісі болды.

СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Алдыңғы

САУРАНДЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *