Төлеби аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 8 кәсіптік техникалық колледждің бірлесе ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты жастар арасында спорттың кіші футбол, қол күрес, тоғыз құмалақ, арқан тартыс түрлерінен жарыс өтті.
Акция мақсаты: жастар арасында есірткі мен нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, колледж студенттерінің достық қарым — қатынасын нығайту. Спорттық командалық ойындарға жастардың қызығушылығын арттыру.
Ашылу салтанатында Төлеби аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ — басшысы Тастанов Тимур жүргізіп, алғашқы сөз аудандық полиция бөлімі бастығы Қуашбаев Ғалымжан Саттарұлына сөз берілді, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз ойларын білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты. Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Іс — шара барысында колледж студенттерінің арнайы дайындалған флешмоб биімен жалғасты.
Жарысқа қатысқан барша командаларға алғыс білдіреміз!
Comments