Аймақ

КЕЛЕСТЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Дәурен Сариевтің төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімінің өкілдері, білім бөлімі қызметкерлері, комиссия мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне үш өзекті мәселе енгізіліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жан-жақты қарастырылды.
Отырыс барысында бірінші мәселе бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Данияр Ешенқұлов баяндама жасап, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол бермеу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесімен таныстырды.
Екінші мәселе мүмкіндігі шектеулі балаларды протезді-ортопедиялық, сурдо-тифло және жылжу құралдарымен қамтамасыз ету барысы туралы болды. Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Құралбаева баяндама жасап, қолдауға мұқтаж балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер мен қамту деңгейін атап өтті.
Үшінші мәселе сәтсіз отбасылармен және ондағы кәмелетке толмаған балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға арналды. Білім бөлімі басшысы Рахат Жайлаубай баяндама жасап, мұндай отбасыларды анықтау, оларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы нақты шаралар жөнінде ақпарат берді.
Отырыс қорытындысында әр мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты мекемелерге бақылау мен мониторингті күшейту міндеттелді. Комиссия жұмысы – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау бағытында жүйелі түрде жалғаса бермек.

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

АРЫСТА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *