Аймақ

КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ

Бүгінде Келес ауданы ірі қара мал шаруашылығы бойынша Түркістан облысында алдыңғы қатарда. Осы орайда аудандағы Бозай ауылдық округінде орналасқан «Әбдімәлік» шаруа қожалығы қалмақ сиыры тұқымын өсіруде көш бастап тұр. Қазіргі таңда қожалықта 5300 бас сиыры бар. Шаруа тек ірі қарамен ғана шектелмей, 3000-ға жуық қой мен 300 жылқыны бордақылайды. Сонымен қатар, қожалықта заманауи мал бордақылау алаңы, мал сою және етті өңдеп, экспортқа шығаруға арналған кешендер салынған.
Кәсіпкердің сөзінше, жылына 500 тонна ет экспортталады. Алдағы уақытта оның көлемін 1 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Жалпы қалмақ сиыры шөл және шөлейт климатқа бейімделген, төзімділігі жоғары, өнімділігі мол тұқым. Жергілікті ірі қарамен салыстырғанда қалмақ сиыры су мен азықты үш есеге аз тұтынады. Сондай-ақ, шаруа жыл сайын Құрбан айт мейрамында 100 бас қойды құрбандыққа шалып, ауылдастарына таратады.

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *