Аймақ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне барып, бірқатар құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен, Мәдениет елді мекенінде бой көтеріп жатқан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысымен танысып, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Бүгінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның іргетасы қаланып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысында 2024 жылы өткен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаржы бөлінген. Байқау нәтижесі бойынша Тегісшіл ауылдық округі жүлделі ІІ орынға ие болып, бүгінде Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы басталды.
Онан соң балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңының құрылыс сапасын бақылап, мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде балалар алаңшасы және кіші футбол алаңшасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

САУРАН: ШОРНАҚ ЖӘНЕ ҚОСМЕЗГІЛ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *