Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қыземшек кентінің мәдениет үйінде «Дәстүр мен төлтума мәдениет – ұлттың рухани коды» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге арнайы Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Медет Халықов және ЖАНТ мүшесі, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов қатысты.
Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елмұрат Керімхан ашып, жүргізіп отырды.
Іс-шараға аймақтық бөлініс бойынша Жуантөбе, Тасты, Шу ауылдық округтері мен Қыземшек кентіндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің 10–11 сынып оқушылары қатысты.
Жиын барысында дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің ұлттың рухани тұтастығындағы маңызы, жастарды жат идеологиядан сақтау жолдары және діни сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу орын алып, нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жиын – елдік пен бірлікті, ұрпақтың рухани қауіпсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ЖИЫН

Comments