Аймақ

«БОЛАШАҚҚА МҮМКІНДІК – ЖАҢА ӨМІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

Бүгін Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен ауданның барлық білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың қатысуында «Болашаққа мүмкіндік – жаңа өмір» тақырыбында форум өтті. Тағылымды шараның шымылдығы «Жаңа өмір» атты сахналық қойылыммен түрілді.
Аталған шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы сөз сөйлеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жастар арасында құқықтық тәрбие беру жұмыстарының маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
-«Бүгінгі күннің маңызды тақырыбы – біздің қоғамымызда заң мен тәртіпті нығайту мәселесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұл мәселеге ерекше мән беріп, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуын басты талап ретінде атап өтті. Бұл біздің еліміздің тұрақтылығы мен дамуы үшін аса маңызды. Ауданымыздағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың да міндеті. Әрбір заң бұзушылық қоғамға зиянын тигізеді, ал оны болдырмау үшін бәріміз бірігіп әрекет етуіміз керек. Қазіргі таңда ауданымызда құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы күшейтілуде. Бұл бағытта алдын алу шаралары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастар арасында құқықтық тәрбие беру жұмыстары маңызды орын алады. Сонымен қатар, тұрғындармен тығыз байланыс орнату, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі»,-деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы құқықтық тәртіп жайында хабарлап, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов қоғамдық тәртіптің жай-күйі және полиция жұмысы туралы баяндама жасады.
Шараға арнайы қатысқан «Күлкі базар» театрының басшысы, актер, режиссер Ғалымжан Қалыбаев, Филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Хакім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, дәстүрлі әнші, ұлағатты ұстаз Кенжебай Шал, ҚР «Дарын» сыйлығының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы, эстрада жұлдызы Ибрагим Ескендір және елдің үмітін арқалап, мақтанышына айналған, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген спортшы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып сананы серпілтетін ой қозғап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне кеңінен тоқталды.

ҚҰМКЕНТТЕ «ЖЫЛЫБҰЛАҚ» КАНАЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Алдыңғы

КЕНТАУДА ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШІКТЕР АЛЫНУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *