ЖаңалықтарЗаңҚоғам

ІІМ басшысы киберқылмыспен күрестегі жаңашылдықтар туралы айтты 

«2017 жылы құралдар көп болмағанын айта кеткен жөн. Былтыр Киберқылмыспен күрес департаменті ашылды. Бұған дейін бұл мәселемен Криминалдық полиция департаменті айналысқан. Проблемалар көбейіп барады. Өкінішке орай, қоғамның, азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығы төмен. Сеніп қалады. Тез ақша, тез пайда тапқысы келеді. Бүгінде құралдардың бәрі бар. Бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі ғана емес, банк те айналысады. Көп заңнамаға өзгерістер енгіздік. Банктерде anti-fraud жүйесі бар: күмәнді мәмілелер, несие рәсімдеу сияқты жағдайлар болған кезде банктер мұны өздері тоқтатып, бізге мәлімет береді. Прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, банктер, бүкіл мемлекеттік органдар осы салада осыған жауапты. Жұмыла жұмыс істеп жатырмыз, жақсы нәтижелер бар», — деді ІІМ басшысы.

Әлемдік тәжірибе де кеңінен қолданылып, қабылданып жатыр.

«Енді қылмысты анықтау, ашу мәселесі ғана емес, оқыту, қоғамға жеткізу мәселесі де қаралады. Оны мектептерден бастауымыз керек. Академияларымызда IT мамандарды дайындайтын факультеттер ашамыз. Бұрын олар лейтенант, спортшы, заңды білетін қарулы адам болса, енді сәйкесінше, біліктілік талаптары бойынша IT мамандар», – деді Ержан Сәденов.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде алаяқтардың 65 млн қоңырауы бұғатталды, 2 млрд теңгеден астам қаржыны алаяқтарға аударуға жол берілмеді. Жыл басынан бері интернет алаяқтық жасағаны үшін 115 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«МӘРТӨБЕ» ТАРИХИ КЕШЕНІНДЕ «МӘДЕНИ МҰРА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Ержан Сәденов: Ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *