Жаңалықтар

Қарғын суға қарсы күрес

Өткен 8 — наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған 8,9,10 демалыс күндері көптеген адамдар өз отбасыларының жанында демалып, мерекені атап жатқанда Жылыбұлақ және Көкдала ауылдарына қарғын су қаупі туындады. Бұл жағдай ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін үлкен сынаққа айналды.

Қаратал Таза Су, Үштөбе жарық, Жылыту орталығу мекемемелерінің қызметкерлері мен қала, ауылдық округ әкімдіктерінің жұмыскерлері, арнайы техникаларымен бірге, демалыс күндерінде, тіпті түнде де, қарғын судың алдын алу үшін бар күшін салды. Олар күн-түн демей, қиын жағдайға тап болған ауылдарға көмек көрсету мақсатында, қатерлі судың келуін тоқтатуға барынша тырысты. Бұл жұмыс тікелей ауқымды күш пен үйлесімділікті талап ететіні анық.

Аудан әкімдігі бұл әрекеттерді жоғары бағалап, жауапты тұлғаларды келешекте осындай төтенше жағдайларға даяр болу керектігін, қарғын суға қатысты қауіп-қатерлерді ескеріп, алдын ала тиісті шаралар қолдануды ескертті. Ауданның қауіпсіздігі үшін әрдайым сақ болу керектігін айтып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Мерекеде де, қиын сәтте де халықтың қауіпсіздігі үшін қолынан келгенін аямайтын барлық мамандарға алғыс айтамыз. Қауіп-қатердің алдын алу үшін барлық күштерін салып, кез келген жағдайға дайын екендіктерін көрсеткен, халықтың қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз деп санайтын мамандардың еңбектері айтуға тұрарлық» — деп алғыстарын білдірді ауыл тұрғындары

Аудандық әкімдік тарапынан қабылданған шаралардың арқасында апаттың алдын алу мүмкін болды. Жылыбұлақ пен Көкдала ауылдары қауіпті кезеңді артта қалдырып, тұрғындар мен олардың үйлері аман қалды. Ауыл халқына көмекке қол созғандар өздерінің жауапкершілігін жоғарғы деңгейде орындап, ұжымдық күш-жігермен осы үлкен қиындықтан аман шықты.

Бұл оқиға жергілікті билік органдарының ғана емес, халықтың да ұйымшылдықты көрсете отырып, бірлесіп қиындықтарға қарсы тұра алатындығын дәлелдеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін осындай үйлесімділік пен жауапкершілік әрдайым қажет болары сөзсіз.

Қобланды АБЕНОВ

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдер жұмысын қорытындылады

Алдыңғы

Ресми хабарлама

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *