ЖаңалықтарТарих

Тарихты білу — бүгінгі күннің міндеті

Тарихтың тереңіне үңілсек, әрбір өлкенің, әрбір мекеннің өзіндік болмысы мен ерекшелігі бар. Өткеннің іздері қазіргі өмірімізбен байланысып, сол арқылы біз өз тамырларымызды, өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін қайта жаңғыртамыз. Өлкенің тарихы — оның болашаққа деген бағыт-бағдары, халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасы. Сондықтан да, туған жеріңнің тарихын білу — әрбір азаматтың парызы.

Жетісу өңірі, әсіресе Қаратал ауданы, шежіресі терең, тарихы бай өлке. Бұл жердің табиғаты әсем, құт пен береке дарыған мекен. Қаратал өзенінің бойында қоныс тепкен халықтың өткен тарихы, тарихи оқиғалар мен тұлғалардың тағдыры мұнда әлі күнге дейін сақталған. Әрбір тас, әрбір ағашьосы өңірдің бай тарихын баяндап тұрғандай.

Қараталдағы тарихи-өлкетану мұражайы — осы аймақтың өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір іспетті. Мұражай — тек тарихи жәдігерлер мен құнды деректер сақталатын орын емес, ол сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін мәдени мұра, халықтың мақтанышы. Мұнда келушілер тек тарихтың тереңіне бойлап қана қоймай, сол заманда өмір сүрген ата-бабаларының рухын сезініп, олардың ерліктерін, еңбектерін ұрпақ жадында қайта жаңғыртады.

Қаратал ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына жаңа басшы — күйші, өнер майталманы, киелі өңірдің бел баласы Ерлан Оңдасынұлының тағайындалуы өнер сүйер қауым үшін үлкен қуаныш десек болады. Оның жетекшілігімен бұл мұражай жаңа бағыттар мен идеялармен толығып, келешекте өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ерлан Оңдасынұлы өз ісінің маманы ретінде жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, батырлар мен билердің ерліктерін дәріптеп, мұражайда солардың естеліктерін сақтап, келешек ұрпаққа танытуды мақсат етіп отыр.

Мұражай — бұл өткен мен болашақтың арасындағы алтын көпір деп жоғарғы да айтқанымыздай, елдің мәдениетіне деген құрметтің белгісі. Ұлы хан Абылайдың айтсақ «Әгәрәки жолдарыңыз Жетісудың Қараталына түсіп жатса, міндетті түрде мұражайға барыңыздар». Бұл сөз тек осы аймақтың тарихымен танысудың маңыздылығын ғана емес, жалпы еліміздің тарихын біліп, қадірлеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Туған жердің тарихы, оның құндылықтары мен жетістіктері — әрбір азаматтың жүрегінде мәңгілік орын алуы тиіс. Мұражай — солардың сақшысы, ұрпақтар арасындағы жалғастырушы, тарихтың үнсіз куәгері.

Қаратал өңірінің тарихын тереңірек білу, оның мәдени мұрасын ұлықтау және болашақ ұрпаққа жеткізу — біздің асыл міндетіміз. Осы тұрғыда Ерлан Оңдасынұлы басқарған тарихи-өлкетану мұражайы маңызды рөл атқаруда. Әрбір жас өрен мұражайға келіп, өзінің туған жерінің тарихымен танысып, оның бай мұрасын санасына сіңіруі тиіс. Мұражай — бұл тек тарихи білім ошағы ғана емес, сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің тарихы мен мәдениетін қадірлеуге бағытталған үлкен мектеп.

Тарихты білу — бүгінгі күннің міндеті, ертеңгі ұрпақтың болашағы үшін маңызды. Сондықтан, Қаратал ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы келешек ұрпақ үшін аса құнды қазына болып қашанда қала бермек.

Қобланды  АБЕНОВ

Нәзік жанды партия белсенділері марапатталды

Алдыңғы

Шымкенттің әскери қызметшілері ардагерді қос мерекесімен құттықтады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *