БизнесЖаңалықтар

Кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы

Бүгін 2025 жылдың 27 ақпанында Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалында аудандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста кәсіпкерлік саласында маңызды мәселелер қаралып, кеңестің құрамына жаңа мүшелер қабылданып және жаңа төраға сайланды.

Отырыс барысында аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Жексембиев Серікжан Бақытұлының ұсынуымен кеңестің жаңа төрағасын сайлау мәселесі көтерілді. Аудан кәсіпкерлерінің көпшілік қолдауына ие болған Қарабеков Олжас Нұртайұлы бір ауыздан аудандық кәсіпкерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Жаңа төрағаның сайлануы аудандық кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз. Олжас Нұртайұлы өз сөзінде кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелерді шешу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Кеңес отырысында мүшелер осы саладағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кеңес мүшесі Мұхамедиев Диаз Шәріпханұлы қосымша құн салығының көтерілуіне байланысты кәсіпкерлерде туындайтын қиындықтар мен мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл мәселе кәсіпкерлердің шығындарын арттырып, оларды қосымша қиындықтармен бетпе-бет қалдыратыны туралы пікірлер айтылды. Кеңес мүшелері бұл мәселені шешу үшін заңнамалық деңгейде нақты шаралар қабылдау қажеттігін ұсынды.

Жаңа сайланған төраға мен кеңес мүшелері алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын дамытуға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және аудандағы экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыратыны сөзсіз.

Кәсіпкерлер кеңесінің бұл отырысы кәсіпкерлік ортадағы маңызды қадамдардың бірі болып, аудан кәсіпкерлігі үшін тиімді және қолайлы жұмыс жағдайларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады деп сенеміз.

Қобланды  АБЕНОВ

Предприниматели Жетісу обеспокоены недостаточным финансированием частных детсадов и условиями ваучерного финансирования

Алдыңғы

Текелі қаласында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *