Жаңалықтар

Біз жастарға үлкен мүмкіндіктер ұсынуды көздейміз

Бүгінгі сұхбатымызда Қаратал ауданы Жастар орталығының жетекшісі, болашаққа жарқын қадамдар жасап жүрген Нұржан Нұрланұлы Рақметқазыновпен кездесіп, жастар саясаты және жастармен жүргізілетін жұмыстар туралы сөйлестік.

Сұрақ:

— Нұржан Нұрланұлы, ең алдымен, Жастар орталығының басты мақсатын айта кетсеңіз ?

— Нұржан Нұрланұлы:

– Қаратал ауданында жастардың дамуына арналған көптеген бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде. Жастар орталығының негізгі мақсаты – жастардың әлеуметке бейімделуі, олардың түрлі салаларда өз қабілеттерін ашуына мүмкіндік беру, сондай-ақ шығармашылық пен кәсіби даму бағытындағы жобаларды іске асыру. Біз жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды үйретуге, оларды әлеуметтік тұрғыдан дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Сұрақ:

— Жастар орталығы арқылы жүзеге асырылатын жобалар туралы айтып өтсеңіз ?

Нұржан Нұрланұлы:

– Біз көптеген жобалар мен бағдарламаларды іске асырудамыз. Оның ішінде жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдайтын арнайы жас проджект, тәуелсіздік ұрпақтары сияқты қайтарымсыз гранттары, сонымен әлеуметтік жобалар мен мәдени іс-шаралар бар. Аудан жастарын еңбекке баулу мақсатында жыл сайын Жасыл Ел жасақтарына тарту, сондай-ақ жастардың ерікті қызметін дамытуға бағытталған волонтерлік жобалар да бар. Біз жастарды белсенді қоғам мүшелеріне айналдыру үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынуға тырысамыз.

Сұрақ:

— Жастардың бүгінгі күнде қандай мәселелері көбірек кездеседі және бұл мәселелерді шешу жолында қандай шаралар қабылдануда?

-Нұржан Нұрланұлы:

– Бүгінгі күні жастардың басты мәселелерінің бірі – жұмысқа орналасу және өз ісін ашу мүмкіндіктері. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік жауапкершілігі, тәрбиелік бағыттағы мәселелер, мотивацияның төмендігі де байқалуда. Осы мәселелерді шешу үшін түрлі бағдарлама мен жобалар ұйымдастырып, жастарды оқыту, кәсіби кеңестер беру, кәсіпкерлікке ынталандыру шараларын қолға алып отырмыз. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік ортаға араласуына мүмкіндік беру үшін мәдени іс-шаралар мен тренингтер өткізіледі.

Сұрақ:

— Қаратал ауданында жастардың белсенділігін арттыру үшін қандай бастамалар бар?

Нұржан Нұрланұлы:

– Қаратал ауданында жастардың белсенділігін арттыру үшін жастар арасында түрлі байқаулар, конкурс, фестивальдер, спорттық жарыстар, дебаттар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жастарды тарту жұмыстары да жүргізілуде. Жастардың арасында әлеуметтік мәселелер бойынша пікірталастар мен пікір алмасулар өткізу олардың белсенділігі мен қоғамдық жұмыстарға қатысуын арттырады.

Сұрақ:

— Жетісу жастарының Қаратал аудандық филиалы басқа аудандарымен тығыз байланыс орнатама?

Нұржан Нұрланұлы:

– Әрине Жетісу жастарының Қаратал аудандық филиалы облыстың басқа аудандарымен тығыз байланыс орнатып, жастарға арналған түрлі шаралар мен бағдарламаларды облыстық деңгейде де ұйымдастырмыз. Бұл жастарға жаңа мүмкіндіктер мен идеяларды ұсынады.

Сұрақ:

— Болашақта жастар үшін қандай жоспарларыңыз бар?

Нұржан Нұрланұлы:

– Алдағы уақытта жастардың білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіп ашу және шығармашылық салаларда дамуы үшін қосымша жобалар мен курстар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Жастарға арналған жаңа инновациялық жобаларды іске асыру, жастарды еріктілер ретінде қоғамға тарту, сондай-ақ олардың бизнес және әлеуметтік ортада белсенділігін арттыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Біз жастарға үлкен мүмкіндіктер ұсынуды көздейміз.

Қорытынды:

Қаратал ауданы Жастар орталығының жетекшісі Нұржан Нұрланұлы Рақметқазыновтың айтуынша, жастардың дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жастарды қолдау мен оларды қоғамдық өмірге бейімдеу – маңызды әрі қажетті қадам. Әлеуметтік жобалар мен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту, жастарды мотивациялау – бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі.

Қобланды АБЕНОВ

Түркістан облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша конкурс жариялайды!

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС» САЛАСЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСТАП ТҰР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *