Жаңалықтар

Әскери кафедра түлектерін әскерге шақырды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің әскери кафедраны 2024 жылы бітірген түлектерімен кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі қызметтің артықшылықтарын және запастағы офицерлер мен сержанттар үшін кәсіби өсу мүмкіндіктерін түсіндіруге бағытталған.

Кездесу барысында 200-ден астам студент әскери қызмет өткеру шарттарымен, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерімен, сондай-ақ армия ұжымдарындағы кәсіби бейімделу ерекшеліктерімен танысты. Іс-шара таныстыру фильмін көрсетуден басталды, содан кейін әскери басқару органдарының өкілдері армия қатарындағы қызметтің қазіргі жағдайы және әскерлердегі өзекті мәселелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Әскери кафедраның бастығы полковник Жақып Кенжебаев кафедра көптеген жылдар бойы запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлап келе жатқанын атап өтті.

— Біздің университеттің әскери кафедрасында запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда біздің 20 000-ға жуық маман бітірді. Қазіргі уақытта біз 7 әскери-есептік мамандық бойынша запастағы офицерлерді және 10 мамандық бойынша запастағы сержанттарды дайындап жатырмыз. Бұл біздің түлектерімізге қосымша мамандық алуға және одан әрі Қарулы күштерге келісімшарттық қызметке түсуге мүмкіндік береді, — деді полковник Жақып Кенжебаев.

Шымкент қаласы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Тимур Сейтқұлов әскери қызметтің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

— Еліміздің Президенті армияның жауынгерлік қабілетін арттыру мәселелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілер арасындағы әлеуметтік және идеологиялық жұмысқа ерекше назар аударады. Қазақстанның болашағы көбіне Отанға қызмет етуге дайын жас ұрпаққа байланысты, — деді ол.

Кездесу аясында түлектерге келісімшарт бойынша әскери қызметтің негізгі аспектілерін түсіндіріп, оның өзін-өзі жүзеге асыру және мансаптық өсу үшін кең перспективалар ашатынын, сондай-ақ Отан қорғаушылар үшін көзделген тұрақтылық пен әлеуметтік жеңілдіктерге кепілдік беретінін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қорғаныс істері департаментінің өкілдері университет түлектерін алған әскери-есептік мамандығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет өткеру мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Қазатомөнеркәсіп пен JUMCO уран саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *