2024-2025 оқу жылына арналған басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес арнайы операциялар күштерінің әскери бөлімінің әскери қызметшілері Түркістан облысындағы «Орда» таулы оқу полигонында тәжірибелік сабақтарға кірісті. Барлық сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіліп және функционалдық міндеттерді, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді қолдану тәртібін зерделеуге бағытталған.
«Орда» полигоны күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды пысықтау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатын замануй оқу орталығы болып табылады. Елдің әскери элитасы деп аталатын бөлімнің әскери қызметшілері әртүрлі салаларда өз дағдыларын осы полигонда жетілдіруде. Дайындықтың негізгі бағыттарының қатарына қару-жарақты йелену, таулы даярлық, автомобиль және броньды танк техникасын басқару, радиотехникалық барлау жүргізу және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы күрес жатады. Бұл барлық пәндер бойынша негізгі дағдыларды қажет ететін жан-жақты мамандар.
Полигондағы практикалық дайындық таулы маршруттардан өтуге үйретуді, альпинистік жабдықты пайдалануды, фалмен түсуді, сондай-ақ жету қиын жерлерде зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтауды қамтиды. Әскери қызметшілер биіктікте және шектеулі көріну жағдайында атыс жүргізу, су тосқауылдарын еңсеру және ұзақ қашықтыққа марш жасау сияқты практикалық жаттығуларды орындап өз машықтарын жетілдіруде.
Практикалық сабақтар барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану тәртібін зерттеуге ерекше назар аударылады. Барлық сабақтар жауынгерлік даярлық талаптарына сәйкес жүргізіледі, бұл алған білімнің әскери қызметшілердің алдында тұрған нақты міндеттерге жоғары дәрежеде орындауын қамтамасыз етеді.
Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен бақылау сабақтары өткізілетін болады. Бұл сынақтар әскери қызметкерлердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және жауынгерлік жағдайға мүмкіндігінше жақын жағдайда тиімді жұмыс істеу қабілетін тексеруді қамтиды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments