Халықтың өз қаржылық сауатын арттырып, сәтті басқаруына бағытталған «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы таптырмас мүмкіндік десек болады. Жоба қатысушылары ақысыз негізде, қалаулары бойынша егін, құс және мал шаруашылығын жүргізуге қатысты теориялық және тәжірибелік оқыту курстарынан өте алады.
Қарызсыз қоғам» жобасының авторы, «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша:
«Қарызсыз қоғам» жобасы ел азаматтарының несиелерінің төлеу мерзімі 90 күннен асып, банктердегі есепшоттары бұғатталған адамдарға арналады. Себебі олар «Ауыл аманаты» секілді мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелік бағдарламаға қатыса алмайды, «қара тізімге» енген. Олардың саны ел бойынша 1,5 миллионнан асады, бұл үлкен әлеуметтік мәселе. Осыған байланысты «Ауыл аманаты» мен «Қарызсыз қоғам» бағдарламаларын ұштастыруды ұйғарылды. Биылғы жаңалығымыз пилоттық негізде Жамбыл облысы халқына «Агросауат» орталығынан жоба қатысушыларына » Тауарлық несие » берілуде. Мысалы, бір қатысушының мойнында 8 несие бар, оған қаржылай несие берілмегесін, 5 күн оқытып, кәсіп түріне қарай тауарлы несие береміз. Осылай қолдау көрсетпесек, өздігінен қарызынан құтыла алмайды, – деп түсіндірді.
Жамбыл облысында » Тауарлық несие «пилоттық жобасы сәтті өтсе, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен еліміздің барлық 20 өңірінде халықты қаржылық сауатқа жаппай оқытатын «Қарызсыз қоғам» бағдарламаласы арқылы келесі жылдан бастап ел көлемінде іске қосылмақ.
PS: ‘Қарыз,Қарызды қайтару – парыз» , деп Самет Оқанұлы айтпақшы, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы жауапсыз кредит алатындардың мәселесін шеше ала ма — жоқпа ол, болашақтың ісі.
Қобланды АБЕНОВ
Comments