ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Атақты «A’Studio» тобының әндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн»

Атақты «A’Studio» тобының әндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн»

(«Стоп,ночь») фильмі премьерасының күні белгіленді.

«Тоқта, түн!» — бұл A’Studio тобының әндері желісімен түсірілген толықметрлі киномюзикл. Премьерасы 2024 жылдың 5 қыркүйегіне жоспарланған.

Синопсис

Фильм өз арманына нық сеніммен келе жатқан жас музыкант Бейбіт туралы. Әке рөліне енді үйреніп келе жатқан Бейбіт, шығармашылық пен отбасылық өмірді тең ұстауға тырысады. Өзіне ғашық биші қыз Джулияны кездестіргенше бәрі ойдағыдай еді.

Бұл оқиға ақын және музыкант жас жігіттің өмірі, махаббат, достық және де сүйікті қала Алматы туралы.

Фильм туралы

Кинокартинада негізгі оқиғаларды бейнелеуге алматылық «A’Studio» тобының 17 әні ұсынылған. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хиттеріне айналған «Стоп, ночь!», «Солдат любви», «Грешная страсть», «Тик-так», «Еще люблю» және «Джулия» сияқты басқа да әндер орындалады. Көрерменге тосынсый ретінде топтың аты «Алмата» кезіндегі алғашқы альбомдағы әндер қазақша шырқалады. Фильмде «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаевтың жаңа өңдеуден өткізген әндері орындалады.

Фильмнің продюсерлерінің бірі, Америкалық мюзикл және драма академиясының түлегі, «Инопланетяне ни при чем», «18 килогерц», «Схема» фильмдерінің продюсері — Дина Жұмабек.

Фильмге динамика мен энергия беретін ең жарқын музыкалық сахналарды қоюға 500 -ден аса әртүрлі стильдегі бишілер қатысты. Би қойылымдарын хореографтар Арсен Именов — (Қазақстан), «Танцы» жобасының қатысушысы және Мадонна, Пафф Дэдди

сынды әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген Сапл Нам (Ұлыбритания) қойды.

Фильмді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Medeor» ЖШС түсірді.

«Қазақстандық киноматографиясының тарихында музыкалық картина көп емес.

Алғашқы мюзикл режиссер Шәкен Аймановтың 1958 жылы жарық көрген «Біздіңсүйікті дәрігер» картинасы. Онда басты рөлді менің әкем Ермек Серкебаев сомдаған.

Мюзиклдің композиторы кемеңгер Александр Зацепин. Оның, менің әкемнің орындауындағы, «Надо мной небо синее» әні мега-хитқа айналып, миллиондаған көрерменнің жүрегінен орын алған. Жарты ғасыр өткен соң, 2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Стоп, ночь» фильмінің премьерасы болады. Мен осы картинамыз Қазақстандағы киномюзикльдер эстафетасын жалғасытрғанын қалаймын», – деді Байғали Серкебаев.

Жобаның басты қатысушылары

● Оператор: Александр Плотников («Тұлғалық өсі тренингі», «18 килогерц», «Схема», «Аманат», «Разрывая замкнутый круг», «Сказ о розовом зайце»)

● Қоюшы суретші: Алексей Шиндин («Тұлғалық өсі тренингі», «18 килогерц», «Схема», «Стриж», «Бауыр»)  Хореография: Арсен Именов, Сапл Нам

Продюсерлер: Байғали Серкебаев, Дина Жұмабек

● Актерлер:

Кемеңгер Оралов — Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, мамандығы — «драма және кино актері» («5:32» сериал / 2021, «Ключи счастья» сериал / 2022, «Рокировка» / 2022)

Қарлығаш Ермекова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Мемлекеттік және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, MOLDANAZAR тобының клавишта орындаушысы.

Жасмина Нурахметова – кәсіби биші, хореограф, “JD DANCE” би ұйымдастырушысы. NAZIMA, Say Mo сияқты әншілерге би қойған.

Raim&Artur&Adil “Симпа”, Ирина Кайратовна “Wu Kang”, Ninety One “Senorita” бинебаяндарына түскен.

«A’Studio» тобы туралы

«A’Studio» – бүкіл әлем бойынша тыңдармандарын әдемі әуен мен жүрекке жеткізер сөздерімен тәнті еткен қазақ музыкасының пионерлері. Қазіргі таңда да олардың мұралары жаңа толқынды әртістер мен сүйікті тыңдармандарына шабыт беруде.

Қолдағандар мен серіктестер

Фильмнің жарық көруіне қолдау білдіргендер: KMF, Кинопоиск, Яндекс Плюс, Air Astana, Алматы қаласының халықаралық әуежайы және медиамаркетингтік агенттік Nonna Marketing Agency, фильмнің бас ақпараттық серіктестігі WeProject.media, сыртқы жарнама бойынша медиа серіктес Citix.Тоқта, түн!» фильмі 2024 жылы 5 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі. ҚР территориясындағы дистрибьютор компания «Sulpak Cinema».

Фильмнің Instagram аккаунтына сілтеме: https://www.instagram.com/stopnight_film?igsh=ajlveXpnaTBuZmdx

ҰЛТ ҰСТАЗЫ КӨНЕ ТАРАЗДА

Алдыңғы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Түркістан облысына барды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *