Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖЕТІСАЙДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.

Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *