Шіркін-ай, қымбат жастық шақ,
Ұрланып жүріп өтеді-ау!
Лап етіп сөнген отқа ұсап,
Күл болып ұшып кетеді-ау,- деп қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, «Жастық шақ» ол өмірінің көктемі, қайрат пен жігерге толы жалындаған кезеңі, мөлдір бұлақ, тұнық бастау секілді.
Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанда тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз тәрізді.
Қолымнан келсе ысырар едiм уақытты артқа. Оралғым келедi алаңсыз балалық шаққа… деген өлең жолдарындағыдай сіз де сәл армандаңызшы… бір сәтке ғана, жас кезіңізге оралсаңыз, бұрынғы өзіңізбен кездессеңіз, қандай ақыл айтар едіңіз ?…
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн,- деп Мағжан ақын жырлағандай, жастық шақ, адам баласының ең тартымды, әрі ең белсенді кезі…
Қобланды АБЕНОВ
Comments