Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялықосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады. Егер Сіз БЖЗҚ-дағы Жеке кабинетке ешқашан кірмеген болсаңыз, онда БЖЗҚ сайты арқылы ЭЦҚ кілтінің көмегімен авторланып, Жеке кабинетіңіз үшін өзіңізгесәйкес келетін құпиясөз орнатуға кеңес береміз. Ол арқылы болашақта ұялы қосымшаға оңай және жедел кіріп, жарналардың жүйелілігі мен толықтығын, инвестициялық кірістің есептелуін және жинағыңыздың жалпы сомасын қадағалап отыруға болады. Өз шотыңыздан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде тексеруге болады.
Қорға түскен зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарында сақталып қана қоймай, сонымен қатар инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы жинақтарын экономиканың түрлі салаларындағы, әртүрлі валюталардағы сан-алуан қаржы құралдарына инвестициялауды Ұлттық Банк және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Алайда, қаржы нарықтарындағы жағдай экономикалық, саяси және басқа факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Олар бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер түріндегі кірістерге және т. б. әсер етеді. Сондықтан жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы әбден мүмкін, ал бұл зейнетақы жинақтарының жалпы сомасына әсер етеді. Бұл ретте, кейбір құралдар бойынша кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдау қажет.
Бірақ қаржы нарықтарының тұрақсыздығы ұзақ мерзімді болып, төлем құқығын алған кезде нақты кірістілік инфляциядан төмен болса да, мемлекет алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген қаражат мөлшерінде ҚР Ұлттық Банкінің басқаруымен міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сақталуына кепілдік береді. Басқарушы компаниялар жарналардың сақталуына меншікті капиталы есебінен жауап береді және нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігі негізінде есептелетін табыстылықтың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді.
БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан заңнамасына сай қажетті құжаттарды өткізген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдалана алады.
Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен жүгінген шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.
Егер бұл құжаттар (өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсатының күшін жоюына не Қазақстан азаматтығынан айырылуына/шығуына байланысты) жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін жүзеге асырады.
БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсырудың 3 тәсілі бар:
1. Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік паспортпен және банктік шот туралы мәліметтермен жеке жүгіне аласыз.
2. Тұрақты тұруға кететін өкіл (сенім білдірілген тұлға) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.
3. Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін жіберілетін құжаттарды Қордың «Төлемдерге құжаттарды алдын ала тексеру» электрондық қызметін пайдалана отырып алдын ала тексеруге болады.
Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген тұлғаның банктегі шотына төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысының 14-тармағы, 2-параграфы, 2-тарауы), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға белгіленген құжаттар қабылданған немесе түскен күннен бастап 10 (он) жұмыскүні ішінде бір рет біржола жүзеге асырылады.
Мәлімет үшін хабарлаймыз, БЖЗҚ сайтындақұжаттарды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.
4.Ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептелетінін түсіндіріңізші? Ағымдағы жылы олардың мөлшері қандай?
Ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеу ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 521 қаулысымен бекітілген айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Осы Әдістемеге сәйкес ЕТЖ есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер, сондай — ақ бірқатар өзге көрсеткіштер-зейнетақы активтері кірістілігінің жылдық пайыздық мөлшерлемесі, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі, міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі, зейнетақы жарналарын жүзеге асыру жасы және басқалар ескеріледі. Бұл ретте Әдістемеде пайдаланылатын көрсеткіштер шектердің мөлшеріне әртүрлі әсер етеді. Ал кешенді түрдесалымшының әр кездегі жасында талап етілетін зейнетақы жинақтарының қажетті сомасын есептеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді және зейнетақы жинақтарының жылдық кірістілік мөлшерлемесі бойынша болжамды деректерді ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде 2024 жылға арналған ЕТЖ шегі 2023 жылғы деңгейде сақталды. Әр жасқа арналған ЕТЖ шегі туралы ақпарат enpf.kz сайтында орналастырылған.
Қате есептелген соманы қайтару үшін салық агенті (жұмыс беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтару туралы өтініш беруі керек. Осы өтінішке салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келіскені туралы нотариалды куәландырылған өтініші де қоса беріледі.
Comments