2024 жылғы 17 шілдеде сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Күн тәртібінде маңызды 6 мәселе қаралды:
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы;
3. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы;
6. «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Атап айтқанда, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып 5 жыл мерзімге Ұланбек Сейсенбаев тағайындалды.
Сонымен қатар, облыстың бюджеті бекітіліп, кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдік жанындағы комиссиялар құрамына өзгерістер енгізілді және Құрмет грамотасына ұсынылған кандидаттар қаралып, бекітілді.
Одан бөлек, облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағына ұсынылған 31 кандидатты таныстырып өтті. Нәтижесінде депутаттар кандидаттарды қолдап, тиісті шешім қабылдады.
Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
Comments