«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары аяқталып, әскери қызметшілер «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бақылау сынақтарын тапсырды.
Бақылау сынақтарының басты мақсаты – мамандық бойынша сабақтан өткен жеке құрамның оқытылу деңгейін, әскери қызметшілердің өздерінің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау болып табылады.
Аталған шара барысында әскери қызметшілер іс жүзінде бір ай уақыт аралығында өткен мамандық бойынша сабақта нормативтерді орындау, қарудан оқ ату мен жауынгерлік машиналарды жүргізуді қалай меңгергендерін көрсетті.
— Штаттық қару-жарақ пен техниканың функционалдық міндеттерін, материалдық бөлігін, оларды сақтау және пайдалану тәртібін білу – осының барлығын әскерилер жатқа білуі қажет. Әскери қызметшілер іс жүзінде осы уақыт ішінде қару мен жауынгерлік машиналарды қалай меңгергендерін көрсетті. Сынақ қорытындысы бойынша әскери қызметшілер «жақсы» деген бағаға бағаланып отыр, — дейді бригада сержанты Серік Айтубаев.
Әскерлерді даярлаудың келесі кезеңі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды үйлестіру болады. Онда әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында өз білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсетеді.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments