Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде.
Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнай ықатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны
1 млрд. 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Атап айтсақ, Түркістанда бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынбақ. Жобаның жалпы құны 270 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтан 11,8 гектар жер учаскесі нақтыланған. Онда 18 қабатты қонақ үй, аквапарк және вилла кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Ал ауқымды инвестициялық жоба «Chian Chuangshi Construction Group» компаниясына тиесілі.
Сонымен қатар аймақта баламалы энергия көздерін өндіру бойынша да бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, қуаттылығы 500 МВт бу-газ қондырғысы және қуаттылығы 300 МВт күн электр станциясы, сондай-ақ электр желісінің металл тіректерін және энергия жинақтау жүйелерін өндіретін зауыт базасында электр станциясын салу туралы шешім қабылданды. Аталған жобаларды іске асыру үшін Бәйдібек, Сауран, Түлкібас аудандарынан жер телімдері нақтыланды. Қуат көзін көп қажет етіп, өзге өңірлерден алып тұтынатын Түркістан облысы үшін жоба аса маңызды. Қазіргі таңда Қытайдың «China Energy Overseas Investment Co.,Ltd» компаниясы жобаға жалпы 915 млн АҚШ долларын бөліп отыр.
Осымен қоса Ордабасы ауданында «Central Asia Aluminium» ЖШС алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт құрылысы басталмақ. Құны 17 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады.
Елімізде мақта өсірумен айналысатын жалғыз өңір – Түркістан. Мұнда, тіпті, Мақтаарал аталған аудан да бар. Алайда бүгінге дейін облыста тоқыма өнеркәсібі дұрыс жолға қойылмаған. Салдарынан шикізаттық экономика деңгейінде қалып, ал мақта бағасы жыл өткен сайын арзандап, шаруалар еңбегінің жемісін толық көре алмай отыр. Сондықтан аймақта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен тоқыма кластерін құру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда мақта өсіріп, одан бұйым шығарып, әлемге экспортын жолға қойған қытайлық компаниялармен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Нәтижесінде облыс аумағында мақта талшығын қайта өңдейтін зауыт, жіп иіру зауыты мен мата фабрикасы салынбақ. «Xinjiang Lihua(Group) Co., Ltd» компаниясы аталған жобаларға жалпы 440 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция бағыттамақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ПОДПИСАНЫ МЕМОРАНДУМЫ О ПРИВЛЕЧЕНИИ В ТУРКЕСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ ИНВЕСТИЦИЙ В РАЗМЕРЕ $1 МЛРД 615 МЛН
В Астане, в рамках саммита Шанхайской организации сотрудничества, прошел совместный казахстанско-китайский деловой Совет. Во встрече, которая в этом году проходит в седьмой раз, приняли участие китайские компании — гиганты в сфере промышленности.
Деловые отношения Президента страны Касым-Жомарта Токаева и главы КНР Си Цзиньпина укрепляют и экономические связи между двумя странами.
Казахстанско-китайский деловой Совет стал диалоговой площадкой для представителей бизнес-групп Республики Казахстан и Китайской Народной Республики, а также важным инструментом развития торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества между двумя странами.
Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды провел важные переговоры с инвесторами. Результатом стало подписание меморандумов с китайскими бизнесменами о сотрудничестве по четырем крупным инвестиционным проектам общей стоимостью $1 млрд 615 млн.
В частности, в Туркестане планируют построить пятизвездочный гостиничный комплекс, аквапарк и завод по производству камер видеонаблюдения. Общая стоимость проекта составляет $270 млн. На территории специальной экономической зоны уже обозначен земельный участок площадью 11,8 га. Там построят 18-этажный отель, аквапарк и комплекс вилл. Масштабный инвестиционный проект принадлежит компании Chian Chuangshi Construction Group. Также в регионе реализуется ряд проектов по производству альтернативных источников энергии. В частности, принято решение о строительстве парогазовой установки мощностью 500 МВт и солнечной электростанции мощностью 300 МВт, а также электростанции на базе завода по производству металлических опор электросетей и систем накопления энергии. Для реализации этих проектов обозначены земельные участки в Байдибекском, Сауранском и Тюлькубасском районах.
Для Туркестанской области, потребляющей много энергии, в том числе из других регионов, этот проект очень важен. На его реализацию китайская компания China Energy Overseas Investment Co.Ltd выделяет в общей сложности $915 млн.
Кроме того, в Ордабасинском районе начнется строительство завода по производству алюминиевых изделий ТОО «Central Asia Aluminium». Стоимость проекта оценивается в $17 млн. Благодаря реализации этого инвестпроекта в сфере обрабатывающей промышленности будут созданы новые рабочие места.
Туркестанская область — единственный в стране регион, где занимаются выращиванием хлопка. Здесь даже есть район, название которого связано с хлопком, — Мактааральский. Однако, несмотря на такую позицию, текстильная промышленность в области налажена недостаточно. В результате сырьевая экономика остается на прежнем уровне, а цены на хлопок с каждым годом становятся все ниже, и хлопкоробы не в полной мере ощущают эффект от своего тяжелого труда. Поэтому, по прямому поручению акима области Дархана Сатыбалды, ведется работа по созданию текстильного кластера. Достигнуты договоренности с китайскими компаниями, которые выращивают хлопок, производят из него изделия и экспортируют продукцию на мировой рынок. На территории области планируется строительство завода по переработке хлопкового волокна, прядильного завода и суконной фабрики. Компания Xinjiang Lihua (Group) Co.Ltd намерена направить в данные проекты инвестиции в общей сложности в размере $440 млн.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments