Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі
күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтікқасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтынәлемдегі барлық елдерді қатты алаңдататыны анық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларынасәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарғанегізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өміркөрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөзжеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіпалу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауапберу, сарапшының жалған қорытыңдысы немесеқате аудару, жалған жауап беруге немесе жауапберуден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардыңсот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісінорындамау, осындай қылмыстардың барлығыжемқорлық сыбайластық байланыстардыпайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерініңқұқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққақайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толықбілулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлықсалаларында сыбайлас жемқорлық пен оныңкөріністері деңгейін төмендету, қоғамныңмемлекетке және оның институттарына сеніміннығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болыптабылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орынжоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудыңбарлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұлқұбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Сондықтан-да сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жәкей
Comments