Жаңалықтар

Бұл да бір тарих өзінше

Осыдан тура аттай 10 — жыл бұрын 18 — ші маусым 2014 жылы » Бизнестің Жол Картасы — 2020 » бағдарламасының 4 — бағыты бойынша #Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры (бұрынғы) Алматы, (қазіргі) Жетісу Облысы, Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында алғаш » Кәсіпкерлерді Қолдау Орталығын » ашқан. Кейіннен орталық #Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қарамағына өткен еді.

Күні кеше ғана өзім бастап, алғашқы қадамына куә болған орталығымның бүгін туған күні !

Мен үшін бәрі кешегідей көрінеді, тек өзгерген қызметкерлер, жылмен ай — күнді көрсететін сандар ғана сияқты.

Өткен бір белес боп саналатын 10 — жылда орталық талай кәсіптің ашылуы мен өсіп өркендеуіне себепкер бола білді. Орталықтың қай жылғы болмасын басшылары мен кеңесшілері өз істерінің мамандары ретінде, алдарына кеңес алуға келген қала мен ауыл тұрғындарына бар білген білімдерімен бөлісіп, кеңес беріп, кәсіпкерлік саласы бойынша қорғауға мұқтаж жандарға көмек қолын созып, аудан халқының алғысына бөленді.

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕМІС БАҒЫН ЖАЙҚАЛТТЫ

Алдыңғы

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *