Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ


Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталған болатын. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл Сауран» қызметкерлері, Шорнақ бастауыш партия ұйымының мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Таза бейсенбі» жобасы аясында әр апта сайын белгіленген аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 600 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Алдыңғы

САУРАН АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БІЛІМ БӘЙГЕ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *