Жетісу облыстық партия мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері апта сайынғы “Таза бейсенбі” экологиялық акциясында аясында ауыл-аймақты қоқыстан арылтты. Барлығы 48 учаскі қамтылып, 93 тонна қоқыс шығарылды. Осылайша қараусыз қалған жерлерді тәртіпке келтірді.
«Бүгін біз экоакцияы Ескелді ауданы, Ескелді өзенінің жағалауын тазартумен жалғастырып жатырмыз. Аталмыш шара Жетісу облысының барлық ауданында өтіп, 500 –ге жуық адам қатысты. Мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру», — деп атап өтті “AMANAT” партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы.
Тазалық шарасына Ескелді ауданың әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы @eskeldy_akimdigi, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, еріктілер, белсенді жастар, түрлі мекеме қызметкерлі мен тұрғындар қатысты.
Comments