Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КӨШПЕЛІ КЕҢЕСІ ӨТТІ


Жетісай ауданы ардагерлер кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында Түркістан облысы ардагерлері кеңесінің көшпелі семинары өтті.
Аталған басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев, облыс аумағындағы барлық аудандар мен қалалардың ардагерлер кеңесі, туған жерді түлетуде тынымсыз еңбек етіп, қолымен канал қазғандар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек және тыл ардагерлері, Ауған, Чернобыль АЗС апаты, Семей ялролық сынық полигоны, Варшава келісімшарты ардагерлері қатысты.
Ауданды мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың қолөнер және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, фольклорлы ансамбльбердің, ұлт аспаптар оркестрінің репертуарлары ұсынылған көшпелі кеңес барысында ардагерлер ұрпақтар сабақтастығы мен бүгінгі қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне батыстық идеялогияның тигізіп отырған кері әсері, зардаптары мен алдын алу жолдары жайында пікір алмасып, болашақтың иелерін тәрбиелеуде күш біріктіру керектігін айтты. Аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін беріп, елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.
Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттарымыздың облыстық көшпелі семинарының жоғары деңгейде өтуіне аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы сүбелі үлестерін қосып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Семинар соңында қонақтар Жетісай қаласындағы орталық саябақ пен «Б.Саттарханов» атындағы заманауи спорт кешенінің жұмысымен, саябақ аумағында бой көтеріп жатқан өзге де құрылымдардың барысымен танысып, «Белгісіз жауынгер» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ФАБРИКА ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ

Алдыңғы

Жаз дабылдан басталады: гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *