ЖаңалықтарҚоғамТарих

«МЕН ХАЛҚЫМНЫҢ ЖАУЫНЫҢ ЖАУЫМЫН»

2024 жылдың 30 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық саяси қуғын — сүргін құрбандары музейінің мәжіліс залында «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған іс-шараны қалалық Ассамблея филиалының бөлім басшысы Азиза Исаева жүргізді.

Жастар алдында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМУ филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ғалым, тюрколог, қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А.Құрбанов, қалалық қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері Ботакөз Нуркулова, қалалық неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Бахман, Абай атындағы Шымкент қаласының орталықтандырылған №2 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі А.Сламбекқызы, қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Н. Хузеева, қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінiң мүшесі С.Исақов сол бір тарихта қара таңбалармен жазылып қалған ауыр да зұлмат күндер туралы әңгімеледі. Сол бір сәтті көз алдыңа келтірсең, еріксіз жас келеді.

1929-33 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза болса, миллионға жуығы жан сауғалап, елден босып кетті. 103 мың адам жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, 20 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қазақстанға еріксіз күшпен жер аударылған 1,5 миллион этнос өкілдері де бастан кешті.

Еліміздің басынан енді ешқашан мұндай зұлмат күндер өтпесін.

Базаркүл ҚАЛБЫР,

журналист

ТҮРКІСТАНДА «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ 500 ОҚУШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *