Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫНЫҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады.
Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның 300-ге жуық ән мұрасы бар. Бүгінде сазгердің «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта» секілді әндері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ, жігерлі әрі қуанышпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында» әндері ел арасына кең тараған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_____
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ НАЧАЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО «АЛЛЕИ ШАМШИ»
В честь 60-летия образования Ордабасинского района в селе Темирлан началось строительство «Аллеи Шамши» в честь народного артиста Казахстана, композитора, короля казахского вальса Шамши Калдаякова. Подрядное учреждение ТОО «Armada Stroy 2020», которое ведет строительные работы объекта, намерено ввести аллею в эксплуатацию в июле-августе текущего года. Там будут установлены памятник композитору, сцена, скамейки.
Стоит отметить, что Шамши Калдаяков родился 15 августа 1930 года в селе Шаульдер Отырарского района. У него около 300 песен. Сегодня среди публики широко известны такие песни композитора, как «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта». Также широко распространены энергичные и радостные песни «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында».
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 75 МЫҢ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ «JANA LEP!» ӨНЕР ҰЖЫМЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *