Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың екінші отырысы өтті. Аталған шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Н.Сейтжанов, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Алипов, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және азаматтық қоғам институттарының (ҮЕҰ, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық кеңестер) өкілдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Н.Сейтжанов облыстағы азаматтық қоғам институттарымен жұмыс — Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамдық дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Айта кетсек, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты сақтау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, халықтың көкейіндегі сұрақтарды ашық талқылауда азаматтық қоғам институттарының маңызы зор.

Мемлекет дамуының айқындаушы параметрінің бірі – азаматтық қоғам секторы екені белгілі. Мемлекеттің табыстылығын — азаматтық қоғам институттарының жемісті және тиімді қызметінен аңғаруға болады. Өйткені бұл биліктің азаматтық қоғам ұйымдарымен ашық және сенімді қарым-қатынас орната алуының дәлелі.

Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары Ж.Хамраев, Р.Алтынбеков, А.Көшкінбай азаматтық қоғамды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сонымен бірге, жиынға қатысқан белсенді қоғамдық бірлестіктердің төрағалары тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар айтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

_______

ТУРКЕСТАН: СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ИНСТИТУТА ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА

Сегодня в актовом зале акимата Сайрамского района состоялось второе заседание уполномоченных лиц по взаимодействию с институтами гражданского общества в Казыгуртском, Тюлькубасском, Сайрамском районах. В мероприятии приняли участие заместитель руководителя Управления общественного развития Туркестанской области Н.Сейтжанов, заместитель акима Сайрамского района М. Алипов, руководители районных отделов внутренней политики и представители институтов гражданского общества (НПО, политические партии, этнокультурные объединения, общественные советы).

Председательствовавший на совещании заместитель руководителя областного управления общественного развития Н.Сейтжанов отметил, что работа с институтами гражданского общества в области ведется в соответствии с планом мероприятий по реализации концепции гражданского общественного развития в Республике Казахстан.
Стоит отметить, что большое значение имеют институты гражданского общества в поддержании стабильной общественно-политической ситуации, решении социально-экономических вопросов, открытом обсуждении актуальных вопросов населения.

Известно, что одним из определяющих параметров развития государства является сектор гражданского общества. Успех государства можно объяснить плодотворной и эффективной деятельностью институтов гражданского общества. Потому что это доказательство того, что власти могут устанавливать открытые и доверительные отношения с организациями гражданского общества.

В ходе совещания руководители районных отделов внутренней политики Ж. Хамраев, Р. Алтынбеков, А. Кушкинбай выступили с докладом о проводимой работе по развитию гражданского общества. Кроме того, председатели активных общественных объединений, принявших участие в совещании, поделились опытом и высказали предложения.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *