Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Келес ауданының тұрғындарын не алаңдатады? Қандай мәселелер бар? Жоспарлар қандай? Осы және өзге де сұрақтар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінде талқыланды. Мәселелер ашық айтылып, түйткілдер тарқатылды.
Өңір басшысы тұрғындарды ашық диалогқа шақырып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Облысты, ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарға да тоқтала кетті.
– Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Келес ауданында 2023 жылы 12 елді мекенде 22 жобаны іске асыруға 2 млрд. теңге бөлінді. Бірлік, Абай, Қияжол, Құйған елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 415 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қолға алынды. Абай атындағы мектепке қосымша корпус құрылысы жүргізілсе, Жамбыл, Қошқар ата елді мекендерінде Мәдениет үйлері салынып, пайдалануға берілді. Өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеруде. 2024 жылы 18 елді мекенде 25 жобаны іске асыру үшін 2,4 млрд. теңге қаралды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 млрд. теңгеге 216 жоба қаржыландырылды.
Облыста Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, Келес ауданында 29 мектепте толық іске қосылды. Тұрғындармен кездесудің басты мақсаты – өңірдегі мәселелерді шешу. Сондықтан біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, соны көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізген жөн, – деген Дархан Сатыбалды инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында жоспар толық орындалмағанына тоқталып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берді.
Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өсіп, 2023 жылы 118 млн. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 51 пайызға өсіп, 2023 жылы 12 мыңға жеткен. Олардың өндірген өнім көлемі 69 млрд.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 20 млрд.теңгеге (49 млрд.тг.) немесе 40 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 4 млрд.теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалған.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың атқарған жұмыстары туралы баяндамасынан кейін кезек сұрақ-жауапқа беріліп, тұрғындардың өтініштері, сұрақтары тыңдалды.
Кездесуде белсенділік танытқан келестіктер жайылым жер, ауыз су, газбен қамту, жол және өзге де инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————
ТУРКЕСТАН: ОБСУЖДЕНЫ ПУТИ РАЗВИТИЯ КЕЛЕССКОГО РАЙОНА
Что беспокоит жителей Келесского района? Какие проблемы есть? Какие планы? Эти и другие вопросы были обсуждены на встрече акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды с жителями Келесского района. Проблемы были озвучены открыто.
Глава региона призвал жителей к открытому диалогу, выслушал их предложения и просьбы. Остановился и на работе по развитию области, района.
– В целях развития сельской местности в рамках проекта «Ауыл-Ел бесігі» в Келесском районе в 2023 году на реализацию 22 проектов в 12 населенных пунктах выделено 2 млрд. тенге. Для обеспечения электроэнергией населенных пунктов Бирлик, Абай, Кияжол, Куйган выделено 415 млн. тенге, начаты строительные работы. В школе имени Абая ведется строительство дополнительного корпуса, построены и сданы в эксплуатацию дома культуры в населенных пунктах Жамбыл, Кошкар ата. Возводятся и другие социальные объекты. В 2024 году на реализацию 25 проектов в 18 населенных пунктах будет выделено 2,4 млрд. тенге. В целях повышения доходов, улучшения благосостояния сельского населения в 2023 году по программе «Ауыл аманаты» было на 1 млрд. тенге профинансировано 216 проектов. В области начаты работы по установке спутникового интернет-устройства Илона Маска «Starlink», а в Келесском районе полностью запущены 29 школ. Главная цель встречи с населением-решение проблем региона. Поэтому мы должны открыто говорить о недостатках в некоторых областях района, не скрывая их, и искать пути их решения. Необходимо провести системную работу по повышению показателей в какой отрасли, — сказал Дархан Сатыбалды, отметив, что в сфере привлечения инвестиций, сельского хозяйства, строительства план выполнен не полностью, и дал поручения акиму района и руководителям управлений по активизации работы.
В Келесском районе объем валового регионального продукта с 2021 года вырос на 32% и в 2023 году составил 118 млн.тенге. Количество субъектов малого и среднего бизнеса за последние 3 года выросло на 51 процент и в 2023 году достигло 12 тысяч. Объем произведенной ими продукции составил 69 млрд. тенге и по сравнению с 2022 годом составил 20 млрд. тенге (49 млрд.тг.) или вырос на 40 процентов. Объем промышленной продукции в 2023 году составил 4 млрд. тенге и план выполнен с избытком.
После доклада акима Келесского района Жанибека Агыбаева о проделанной работе были заданы вопросы, заслушаны обращения и вопросы жителей.
На встрече активисты подняли вопросы пастбищных угодий, питьевой воды, газоснабжения, дорожного и других инфраструктурных вопросов. Предложения и обращения были внесены в протокол и взяты на соответствующий контроль.
Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *