Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР СЫНЫПТА 6 ЕГІЗ БАЛА МЕКТЕП БІТІРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады. Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы
— Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік аттестаттқа” үміткер.
Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда, – дейді ұстаз.
Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді. Осы жылы ауданнан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне және 144 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ОДНОМ КЛАССЕ ЗАКАНЧИВАЮТ ШКОЛУ 6 ДЕТЕЙ-БЛИЗНЕЦОВ
Из школы-гимназии №2 имени О. Жанибекова Келесского района Туркестанской области в этом году будут выпускаться 100 выпускников. Из них 6 учеников-близнецов обучаются в одном классе. Молодые выпускники Акылбек и Асылбек, Батпа и Зауре, Аяужан и Аружан также преуспевают в учебе.
Классный руководитель Ляззат Анаркулкызы:
— Данабай Акылбек претендует на “Алтын белгі”, Данабай Асылбек-на “Үздік аттестат”. Мама ребят Жанар Арынова работает учителем в школе. А Батпа, воспитывающийся в многодетной семье, хочет открыть швейный цех, а Зауре хочет работать в салоне красоты. Аружан и Аягужан, выбирают такие предметы, как «история», «право», чтобы работать в одной и той же юридической сфере, – говорит учитель.
Стоит отметить, что мероприятие «Последний звонок» для выпускников школы состоится 25 мая. В этом году более 2000 выпускников района вступили в путь большой жизни, из них 89 учащихся претендуют на нагрудный знак “Алтын белгі” и 144 учащихся на “Үздік аттестат”.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Вопросы социальной значимости подняли на Совете

Алдыңғы

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *