ЖаңалықтарҚоғамРуханият

ЕКІ МАЙДАНГЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Ұлы Отан соғысы… Сол бір қарғыс атқан соғыс 1418 күнге созылды. Еңсесін енді тіктеп келе жатқан КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған Гитлер бастаған фашистік басқыншылардың есімі əлі күнге қарғыспен айтылады.

9 мамыр Жеңіс күні Шымкент қаласындағы Абай саябағында орналасқан Даңқ монументіндегі Мəңгілік алауға жиналғандар: еңбек ардагерлері мен соғыста жəне бейбіт күнде қайтыс болған соғыс майдангерлерінің ұрпақтары, əскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, гүл шоқтарын қойды. Марқұмдарды бір минут еске алды.

Қала əкімі Ғабит Сыздықбеков Президент Қ.Тоқаевтың соғыс жəне тыл ардагерлерін құттықтау хатын оқып беріп, «Бұл жеңіс күнін біз қашан да құрметтейтін боламыз. Өйткені, бұл ерлік жастарымызға мәңгі үлгі болып қалары анық. Біз үшін соғыстағы жеңістің құндылығы ерекше,-«деді.

Иə, сол сұрапыл соғысқа қатысқандар жыл сайын келместің кемесіне мініп, қазір екі ғана ардагер арамызда жүр. Шымкент қаласында тұратын, соғыс кезінде радист қызметін атқарған 100 жастағы Нина Егоровна Мосунова мен бірнеше қалаларды азат етуге қатысқан 99 жасқа жеткен Мұраталы Төлепбергенге қала əкімі пәтер кілтін тапсырды.

Сөз алған жасы үлкен аталар мен апалар жастарға құрметтері үшін алғыс айтып, елде мəңгілік бейбіт күн орын алуын тіледі.

Базаркүл ҚАЛБЫР

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

Алдыңғы

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *