ӘлеуметҚоғам

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫҚ

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Қызылжар ауылдық оругі, Жаскешу елді мекенінде салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысына партиялық бақылау ұйымдастырылды.
Бақылау жұмысына «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев, аудандық маслихат төрағасы С.Тасқұлов, “Қызылжар” бастауыш партия ұйымының төрағасы Н. Нәлібаев, партия мүшелері ауылдық округ әкімінің орынбасары Ғ. Майрихов және аудандық құрылыс бөлімінің маманы Н.Жорабековтер қатысты.
Бас мердігер «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС жауапты қызметкерлері жұмыс барысымен таныстырды.
Қазіргі таңда, іргетас құю жұмыстары толық аяқталып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2-3 күнде монолит құю жұмыстары жүреді. Жалпы құрылыс жұмыстарының 17-18% аяқталған. Құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жұмыс күші мен құрылыс материалдары толық көлемде жеткілікті.
Бақылау барысында кірпіштің сапасына мән беру мен кірпіштің сыртқы қабаты тұзданып кеткендігі жөнінде ескертулер жасалынды . Құрылыс барысы партияның бақылауында болады.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы

ҚЫЗЫЛЖАРДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алдыңғы

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *