ӘлеуметҚоғам

ҚЫЗЫЛЖАРДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға аудандық партия филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев, аудандық маслихат төрағасы С.Тасқұлов, «Қызылжар» БПҰ төрағасы Н.Нәлібаев, Қызылжар ауылдық округ әкімінің орынбасары Ғ.Майрихов, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген азаматтар елді мекендегі газ, су, жол, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында 2,5 % берілетін несие жайлы мәселелерді көтерді.
Қызылжар ауылдық округіндегі таза ауыз су мәселесін топтастырылған су жүйесінің меншігіне өткізуді ауыл биі сұрады. Маслихат төрағасы аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманына қажетті құжаттарын әзірлеуді, түйіні шешілмей тұрған мәселені аудан әкімінің алдында көтеріп жақын күндерде шешілуіне ықпал жасайтындығын жеткізді.
«Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында 2,5 % бойынша 2023 жылы 115 құжат қабылданып, 47 азамат несие алған. 2024 жылға қалған үміткер азаматтарға несие беру жайлы көтерілген мәселені «Ырыс» МКҰ маманы сәуір айында қаржы берілу басталған уақыттан құжаттары қайта қаралып алуларына болатындығын түсіндірді.
Ауылдық округтің жас тұрғыны А.Қалыбеков Жаскешу елді мекендеріндегі ауыл азаматтарына тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мәселесін шешуді сұрады.
Ауылдық округ аумағынан 61 га жер танабы анықталған, қәзіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округ әкімінің орынбасары Ғ. Майриховқа құжаттандыру жұмыстарын жеделдетіп бітіру тапсырылды.
Сондай-ақ, ауылдық округтегі көшелерді орта жөндеуден өткізу бойынша алдағы сәуір айында өтетін сессияның отырысында қаржысы қаралатындығы түсіндірілді.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы

САЙЛАУШЫЛАР ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *