Отырыстың күн тәртібі бойынша «Ақжар», «Құркелес», «Дербісек», «Көктерек», «Кабланбек», «Жібек жолы», «Жарты төбе» БПҰ төрағалары Ибрагимов Шермат Бегматұлының, Есенбеков Берік Сыдықұлының, Асилов Мұхит Оразбайұлының, Тілеубаева Ақмаржан Әскенбайқызының, Раев Самат Балтабайұлының, Тешебаев Ертай Ержанұлының, Сейдыакбар Әуелбек Сейдалыхожаұлының атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есептері тыңдалды.
Бастауыш партия ұйымының төрағаларына бірнеше міндеттер жүктелді.
Атап айтқанда, партияластарымызбентығыз қарым-қатынас орната отырып партия жобаларының тиімді нәтижелі жұмыстарын кеңінен түсіндіру, қоғамдық қабылдауларды жүйелі ұйымдастыру, аумақта шиеленіс тудыратын және саяси ахуал туралы жедел ақпарат беру, партия қатарына шынайы өмірлік ұстанымы бар беделді азаматтар мен еңбек адамдарын тарту, партия мүшелерінің есебін дұрыс жүргізу, партиялық іс-шараларды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық қолдау жасауды ұйымдастыру.
Саяси кеңес Бюросының отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе қаулы қабылданып төрағаларға тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, ауданымыздағы өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру бойынша жауапты мекемелерге хат жолданатын болды.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
Comments