Партиямыздың негізі бастауыш ұйымдардан құралатыны белгілі.
«AMANAT» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы 5,5 мыңға жуық азаматтың басын қосқан партиялық құрылым болып табылады.
Ауданда 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс жүргізеді.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Мұратұлы Тұрсынбаев аудандағы “ Ақжар”, “Дербісек”, “Жібек жолы”, “Жарты төбе”, “Құркелес” бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесіп, партия айқындаған басымдықтардың іске асырылуы және партиямыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Ардагерлерді ардақтайық» ,” Құқықтық көмек“ жобаларының нәтижелі көрсеткіштері туралы түсініктер берді.
Сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутатының, облыстық, аудандық маслихаты депутаттарының сайлауалды бағдарламаның жол карталарының іске асырылуында атқарып жатқан белсенді жұмыстарына тоқталды.
Партия мүшелерінің ұсыныстар мен сұрақтарына жауап берді.
“Жібек жолы” ауылдық округінде өткізіліп отырған “Қарызсыз қоғам” оқу семинарына қатысып, қатысушыларға жобаның мақсаты мен нәтижелігі туралы кеңінен түсінік берді.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Саяси кеңес Бюро отырысы өтті.
Отырысқа Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, аудандық филиал төрағасы Қыстаубаев Құдрет Ибадуллаұлы, Саяси кеңес Бюросының мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты…
Comments