«Қарызсыз Қоғам» жобасы аясында кезекті оқыту семинары Дербісек ауылдық округі тұрғындарына 15 — 20 сәуір аралығында мәдениет үйінде өтуде.
Оқытудың негізгі мақсаты жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру арқылы өз қаражаттарын игеру арқылы қаржылық сауаттылығын арттыру.
Жоба аясындағы семинарға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды, жалпы шығындарды есептеп оларды жүйелеуді, алаяқтық әрекеттердің белгілерін және олардан құтылу жолдарын үйреніп, қаржылық сауаттылықтарын арттыратын болады.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР ДЕРБІСЕКТЕ ЖАЛҒАСУДА.

Comments