Аудан әкімі А.Абдуллаевтың бекіткен «Сарыағаш ауданында этнос өкілдері шоғырланған аумақтарда құқықтық және этносаралық келісімді насихаттау жұмысын жүргізу» кестесіне сәйкес, бүгін Ақжар, Дербісек, Жібек жолы ауылдық округтерінде кездесулер жалғасын тапты.
Кездесу барысында ауылдық округтердегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, елдің бірлігі, сондай-ақ, елдімекендердегі құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың әскерге баруын кеңінен насихаттау, елдімекендердегі тазалық жағдайлары тақырыбында кеңінен сөз қозғалды.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, ҚР ҰҚК Сарыағаш аудандық бөлімінің бастығы А.Қанатбаев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Н.Ботақұлов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Исахов, ауданның ішкі саясат бөлімі басшысы З.Хамзаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиал басшысы С.Кибраев және «Гарабах» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Давлетов арнайы барды.
Жиынға Ақжар, Дербісек, Жібек жолы ауылдық округтерінің ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ауыл ақсақалдары, ауыл билері, аналар, аудандық мәслихат депутаттары, учаскелік полиция инспекторлары, этнос өкілдері және ауыл белсенділері қатысты.
Жиында тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, мәселелердің шешілуі жолында тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.
“AMANAT” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында биылғы жылға осы тақырыпта 15 іс-шара өткізу жоспарланған.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
Comments