“AMANAT” партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында партиялық “Қарызсыз қоғам” жобасының жүзеге асырылуы және аудандық медицина саласындағы шағым-арыздардың қаралуы, мекемелердің жұмысына жұргізілген зерделеу жұмыстарының барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейменбаев пен аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Мирзалиевтің есептері тыңдалды. Комиссия мүшелері тарапынан берілген сұрақтар мен ұсыныстарға хабарламашылар жауаптар мен түсініктер берді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Негізгі өзекті болған мәселелер бойынша ұсыныс облыстық филиалға жолданды. Отырыста аудандық партия төрағасы Қ.Қыстаубаев өз пікірін білдірді.
Келесі отырыстың күн тәртібінде халыққа қызмет көрсету мекемесінің мәселелеріде қаралатын болды.
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы
Comments