ӘлеуметҚоғам

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес қабылдау өтті. Аудандық мәслихат депутаты Алладин Мырзаханов, Жетісай ауданы әкім аппараты мемелекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы Егізбаев Нұрбақыт, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманы Рүстем Жарқынбеков, Жетісай аудандық ‘’Мансап орталығы’’ филиалының атаулы әлеуметтік көмек бөлім маманы Әбдіхалықов Нұрсұлтан, Жылы су ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесінің маманы Махинов Бақыттың қатысуымен азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдау үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Аталмыш қабылдауға 3 азаматша өз өтініштерін арқалап келді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарынан несие мәселесі, жұмыспен қамту мәселесі, азық — түлік мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек сынды 4 өзекті мәселе көтеріліп, азаматтардың өтініш-шағымдары тыңдалды.
Жалпы қабылдау аясында 3 азаматшаның мәселесі жеке-жеке зерделеніп, мәселелері оң шешімін тапты.
Қабылдауға жүгінген аудан тұрғындарына қаржылай көмек және де азық-түлік берілді. Жұмыс мәселесімен келген азаматшаны Атамекен дәрігерлік амбулаториясына жұмысқа орнатылыстырылды. Және де мәселелері партия тарапынан шешілуіне дейін тұрақты бақылауға алынды.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: ЖАСТАР КЕЛЕС ӨЗЕНІНІҢ АРНАСЫН ТАЗАРТТЫ

Алдыңғы

«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ, БІЗ БІРГЕМІЗ»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *