Жетісай ауданы әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «AMANAT» партиясының жұмыс жоспарына сәйкес жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға аудан басшысымен қатар, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов, Жетісай аудандық мәслихат төрағасы Қасымов Медет Алмасбекұлы, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар, тұрғын үй алу және оның кезегі, әлеуметтік көмек, Жылы су ауылдық округі Сейфуллин елді мекені Жаңа құрылыс көшесіне жол салу, Ынтымақ ауылдық округі Ақниет ауылынан ардагерлер аллеясын салу, дренаж, газдандыру, кәсіпкерлік, көгалдандыру және құқықтық көмек бойынша өтініштерін айтып келді.
Аудан әкімі тұрғын үй алу және оның кезегі бойынша өтініш иелеріне заң аясында кеңестер беріп, оң шешімін табуына ықпал жасайтындығын жеткізді.
Көшеге асфальт салу бойынша қазіргі таңда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен жергілікті әкімдіктер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар, көтерілген мәселелер белгіленген уақыт шеңберінде оң шешімін табатындығына сенім білдірді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар, көтерілген мәселелер белгіленген уақыт шеңберінде оң шешімін табатындығына сенім білдіріп, Серік Үсенұлына өз алғыстарын жеткізді.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы
Comments