ӘлеуметҚоғам

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫ ЖӘНЕ ЗАҢГЕРЛЕР «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕҢЕС БЕРДІ

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалында Жетісай ауданы әкімі орынбасары Елшібаев Тұрышбек және «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында аудан тұрғындары тәжірибелі заңгерлер мен білікті мамандардан заң аясындағы сұрақтарына жауап алды.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жетісай ауданы әкімі орынбасары Елшібаев Тұрышбек, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандары бойынша мемлекеттік сот орындаушы Жиенбай Тастанов, адвокат Абибулла Сабит, нотариус Рабига Атигаева, жеке сот орындаушы Манашов Нұрбол, Жетісай аудандық «Мансап орталығы»ның атаулы әлеуметтік көмек бөлім басшысы Толебек Тауов, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орынбасары Болатжан Тәжі, Жетісай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі маманы мен бірге келушілердің өтініштерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі үй құжаттарын заңдастыру кезіндегі заңгерлік көмек, атаулы әлеуметтік көмек, алаяқтық мәселесі, әлеуметтік көмек және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды.
Жетісай ауданы әкімі орынбасары Елшібаев Тұрышбек, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандары бойынша мемлекеттік сот орындаушы Жиенбай Тастанов, Жетісай аудандық ‘’Мансап орталығы’’ филиалының атаулы әлеуметтік көмек бөлім басшысы Толебек Тауов келушілерге тегін кеңес беріп, сауалдарына жауап берді.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ.

Алдыңғы

ҚАРАБҰЛАҚТЫҚТАР БАТЫСТАҒЫ БАУЫРЛАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨШІН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *