Жетісай ауданында Республика көлемінде өткізіліп жатқан «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясының 13-20 сәуір аралығына жоспарланған «Таза өлке» апталығының қорытынды сенбілігі болып өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Облыс көлемінде қарқынды атқарылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалыққа «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы ғимараты айналасында көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов Рахматұллаұлы қатысты. Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуі — баршаға ортақ.
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы
Comments