Туған жерді, сүйікті қаламызды, ауылымызды түрлендіру, көгалдандыру – тапсырма емес, жүрегі елім деп соғатын әрбір азаматтың ортақ міндеті, парызы екенін ұмытпағанымыз абзал. Өйткені, Жетісай – жай ғана аудан ғана емес, тарих күнделігінде өзіндік орыны бар, аталарымыздың еңбегінің, маңдай терінің нәтижесінде бой көтерген киелі шаһар, біздің мақтанышымыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы санитарлық тазалыққа «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы ғимараты айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ағаштардың түбі әктелді. Ғимарат айналысындағы шөптерден және қураған ағаштардан тазаланып. Туған жердің тазарып, көркейіп гүлденуі — баршаға ортақ.
Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамын!
«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы
Comments